БҚО-да 16 жасар бозбала өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Іс материалдары сотқа жолданды

Сурет: Zakon.kz
Шыңғырлау ауданында әйел өліміне қатысты тергеу сегіз айға созылды. 16 жастағы күдікті жасады деген қылмыс 2023 жылдың 18 қазанында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" порталының ақпараты бойынша, іс тек шілде айында ғана сотқа берілді.

"Оны мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соттың судьясы Динара Гильманова қарайтын болады. Сотталушы кәмелетке толмаған болғандықтан, сот отырысы жабық режимде өтеді. Жасөспірімге ҚР ҚК-нің 99-бабы, яғни "Кісі өлтіру" бойынша айып тағылған", делінген хабарламада.

Басты сот талқысы өтетін күн әлі белгіленбегені де нақтыланады. Бұған дейін хабарланғандай, 16 жастағы бозбала БҚО-да өз анасын өлтірді деп күдікке ілінген. Ауыл әкімдігі аталған отбасының өте жақсы екенін, ешбір мүшесі есепке алынбағанын айтады.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік