Павлодарда ресейлік азаматтан 4 млн теңгенің майнинг жабдығы тәркіленген

Сурет: pixabay
Павлодар облыстық сотының апелляциялық алқасы Ресей азаматынан құны 4 млн теңге болатын майнинг жабдықтарының тәркіленуі заңды екенін растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресей Федерациясының азаматы Қазақстанда шамамен 4 миллион теңгеге майнинг жабдықтарын сатып алып, оны уәкілетті органдардың лицензиясын алмай-ақ шетелге шығаруға тырысқан. Осы әрекеттері үшін аудандық сот ресейлік азаматты ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жазаға тартты. Майнингтік жабдықтар тәркіленіп, оған 55 мың теңге айыппұл салынды. Айыппұлды төлегеннен кейін құқық бұзушы сот қаулысының тәркілеу туралы бөлігіне апелляциялық шағым түсірді. Ол қаулының күшін жойып, тәркіленген тауарды кері қайтаруды сұрап, оған тиісті лицензия алуға уәде берді.

Облыстық сот алқасы мыналарды:

"Жоғарыда айтылған мән-жайларды ескере келіп, алқа бірінші сатыдағы сот қаулысының тәркілеу бөлігінің күшін жоюға құқықтық негіз таппады. Сондықтан шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.  Сол негіздер бойынша басқа азаматқа қатысты басқа іс бойынша қаулы да өзгеріссіз қалдырылды", делінген хабарламада.

Қаулылар заңды күшіне енді.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады