Ақмола облысында жоғалып кеткен 10 жасар қыз аман-есен табылды

Сурет: Zakon.kz
16 шілдеде Қосшы қаласының полиция бөліміне жергілікті тұрғын келіп, 10 жасар қызының үйден кетіп қалғанын және оны таба алмай жатқанын айтып, көмек сұрады. Жоғалған жасөспірімді такси жүргізушісі танып, полицияға хабар берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмыста жүрген әйеліне жұбайы қоңырау шалып, қызы үйден кетіп қалғанын, қоңырауларға жауап бермей жатқанын айтқан. Ақпарат түскен бойда кәмелетке толмағанды іздеуге полиция бөлімінің жеке құрамы бағытталды.

"Полицейлер жасөспірімнің болуы мүмкін орындар мен мекенжайларды тексерді. Тәртіп сақшылары жоғалған қыздың фотосуреттері бар хабарламаларды әлеуметтік желіге жариялады. Содан бірнеше сағат ішінде қыздың орналасқан жері анықталды, жасөспірімді такси жүргізушісі танып қалған. Белгілі болғандай, серуендеуге шыққан қыз адасып қалған. Жасөспірім такси жүргізушісіне қоңырау шалуға өтініш жасады. Сол сәтте WhatsApp-тан келген хабарламаны көрген жүргізуші іс-түзсіз жоғалған кәмелетке толмаған қызды таныған. Ер адам бұл туралы полицейлерге дереу хабарлады", делінген полиция хабарламасында.

Жасөспірімге қатысты ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмағаны да нақтыланады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді