Шетелдіктерге Қазақстанда тұруға рұқсат беру ережесі өзгерді

Ішкі істер министрі 2024 жылғы 19 шілдедегі бұйрықпен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ҚР-да уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру ережесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ережеге ішінара өзгерістер енгізілді. Мәселен, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған визамен, инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның өтінішхаты бойынша берілген инвесторлық көпреттік визамен, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптер тізбесіне сәйкес берілген визамен Қазақстан Республикасында уақытша болатын не Қазақстан Республикасымен визасыз келу және болу тәртібі туралы келісімдер жасасқан мемлекеттерден келген не Қазақстан Республикасында босқын мәртебесіне ие шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ этностық қазақтар өздеріне берілген визаның санатына қарамастан, мемлекеттік қызметті алу үшін Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтінішхатпен мемлекеттік қызмет көрсетуге негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттар пакетін қоса аумақтық полиция органдарына не "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік копорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүгінеді.

Көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация арқылы уақытша тұруға рұқсат беру туралы өтініш берген кезде:

  1. Осы Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларына уақытша тұруға рұқсат беру туралы өтініш-сауалнама.
  2. Визасыз болу туралы келісімдер ратификацияланған шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады);
  3. Медициналық сақтандырудың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады) (Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің азаматтарын қоспағанда (ЕАЭО).
  4. Егер көрсетілетін қызметті алушы көшіп келушіге оның уақытша тұруы үшін берілетін тұрғын үйдің меншік иесі болып табылмаса, көшіп келушінің тұруына нотариалды куәландырылған келісім.
  5. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның дактилоскопиялаудан өтуі туралы анықтама.

Мемлекеттік қызметтің кіші түріне байланысты мыналарды қосымша ұсынады:

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға отбасымен қайта қосылуына байланысты Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:

Қазақстан Республикасының халықтың көші - қоны саласындағы заңнамасына және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес осы тармақшаның екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарында көрсетілген рұқсаттарды алу талап етілмейтін көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс;

"Астана" халықаралық қаржы орталығында (бұдан әрі -АХҚО) қызметін жүзеге асыру мақсатында келудің және болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттары бар елдерден Қазақстан Республикасына келген көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ ол еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс;

Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттар бар мемлекеттерден келген АХҚО инвестициялық резиденттеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат АХҚО әкімшілігінің өтінішхаты бойынша жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге ресімделеді. Бұл ретте, инвестициялық резиденттің отбасы мүшелерінің уақытша тұруына арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі инвестициялық резиденттің уақытша тұруына арналған рұқсаттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қазақстандық оқу орындарында білім алу үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қазақстандық медициналық мекемелерде стационарлық емделуден өту үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:

Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат беру:

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына жүгінген көшіп келушілерге Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:

  1. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты ресімдеу үшін бұрын берілген өтініш болған жағдайда.
  2. Шет тілінде жасалған құжаттар мемлекеттік не орыс тіліне аударылуға жатады.
  3. "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариус бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығын куәландырады.
  4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттер билігінің қатысуымен жасалған немесе осы биліктен шығатын құжаттар мен актілер қарауға қабылданады.

Шетелдіктің дактилоскопиялық тіркеуінің бар-жоғы туралы, "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттардың қабылданғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйеде тексереді.

Мемлекеттік қызмет беруден бас тарту:

Заңға сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылады, не болмаса бұрын берілген рұқсаттың күші мынадай көрсетілетін қызметті қабылдаушыларға жойылады:

Этникалық қазақтар және олардың отбасыларына, жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты азаматтығы жоқ тұлғаларға немесе КСРО 1974 жылғы үлгідегі паспорты негізінде, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының аясына түсетін әйелдерге қатысты 16 және 19 тармақшалары қолданылмайды.

Әрекетке қабілетсіз адамдарға қатысты 21 тармақшаның ережесі қолданылмайды.

Бұйрық 2024 жылғы 4 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: