Пайдакүнемдік-зорлық сипатындағы қылмыс: Таразда полиция қылмыскерді іздестіріп жатыр

Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысының Полиция департаменті Тараз қаласының аумағында пайдакүнемдік-зорлық сипатында қылмыс жасады деген ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полиция Instagram-дағы парақшасында іздеудегі адамның суретін жариялап, толыққанды мәлімет таратты.

"1995 жылы 3 қарашада дүниеге келген Қанат Доғдырханұлы Бекенге іздеу салынады. Белгілері: бойы – 168 см, дене бітімі – арық, қара шашты, беті сопақша, құлағы үлкен, сәл қалқиған, орташа мұрынды, сол жаққа қисайған, ерні үлкенірек. Күдікті "Nike" жазуы бар қара қалпақ, көк түсті жейде және спорттық қара түсті шалбар киген", делінген полиция хабарламасында.

Іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы ақпарат білетін азаматтарды полицияның келесі нөмірлеріне хабарласу сұралады: 8(7262) 99-70-10, 99-77-05, 8700-200-07-00, 8775-511-17-77,8771-231-70-00, 8700-958-61-31.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін