Алматыда әйелдің бөксесіне қол жүгірткен шетелдік азамат қамауға алынды

Полиция, Алматы, Терренкур, әйел, шетелдік азамат, ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2026 13:16 Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы Терренкур аллеясында ер адам бейтаныс әйелдің бөксесіне қол жүгірткен. Оқиғаға Қазақстанға бір күн бұрын келген шетелдік туристің қатысы бар екені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері құқық бұзушыны ұстады.

"Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен қатар полиция шетел азаматының Қазақстан аумағында одан әрі болу мәселесін қарау үшін материалдарды сотқа жолдады". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

Қоғамдық тәртіпті бұзып, азаматтардың құқығына қол сұғатын кез келген әрекетке заң аясында баға берілетіні де нақтыланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: