Желідегі видео: Астанада көшеде бойжеткеннің бөксесін сипаған ер адам жауапқа тартылды

Желідегі видео, Астана, бойжеткен, бөксе, сипау, ер адам, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2025 19:43 Сурет: видеодан алынды
Астанада көшеде бойжеткеннің бөксесіне қол тигізген ер адам жауапқа тартылды. Алты баласы бар 58 жастағы елорда тұрғыны сотта өз ісіне өкінетінін білдіріп, жеңіл жаза беруін сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамға қатысты істі қарады.

"Сотта 2025 жылғы 9 тамызда ер адамның Астана қаласындағы клубтың жанынан өтіп бара жатып, жәбірленуші Ф.ға қатысты қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзып, айналадағы адамдарға деген айқын құрметсіздік танытатын орынды емес әрекет жасағаны анықталды. Сот отырысында К. өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді және мүгедектігі жоқ екенін растады. Сонымен қатар, алты баланың әкесі болғандықтан, жеңіл жаза тағайындауды өтінді", делінген сот хабарламасында.

Сот оның алты баланың әкесі екенін де назарға алды.

"Жоғарыда аталған мән-жайларды, сондай-ақ әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, құқық бұзушыны ҚР заңнамасының талаптарын сақтау рухында тәрбиелеу, құқық тәртібіне құрметпен қарау және құқық бұзушылықтардың қайталануын алдын алу мақсаттарын ескере отырып, сот әкімшілік жаза ретінде 5 (бес) күндік қамауды тағайындауды негізді деп тапты".Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

 Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Маңғыстау облысында оқушы баланың өліміне қатысты сот үкімі жарияланғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: