Алматыда полицейдің қытығына тиген ер адам қамауға алынды

Полицей, Алматы, бағынбау, ер адам, видео, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2026 21:23 Сурет: polisia.kz
Алматыда ер адам полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның әрекетінің видеосы бір күн бұрын әлеуметтік желіде жарияланған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеодан азаматтың полиция қызметкерлерінің әрекетіне араласқаны, олардың заңды талаптарына бағынбағаны және қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіргені көрінеді.

Оқиғаға қатысы бар азаматтың жеке басы анықталып, ол Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

Полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен құқық бұзушы үш тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Полицияның атап өтуінше, қызметтік міндетін атқарып жүрген қызметкерлердің жұмысына араласу, оларды арандату және заңды әрекеттеріне кедергі келтіру тиісті құқықтық бағасын алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: