Қазақстан азаматы Кореядан ұлының денесін елге жеткізуден бас тартқан министрлікті сотқа берді

Сурет: pixabay
Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қаза тапқан қазақстандықтың денесін Кореядан Қазақстанға жеткізу шығындарын төлеуде қаржылық көмек көрсетуге мәжбүрлеу жөніндегі істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Жанар Дүйсенова Facebook-тегі парақшасында айтты.

"Қазақстан азаматы 2001 жылы туған ұлын емдету үшін Оңтүстік Кореяға апарған. Баланың диагнозы – обыр дерті. Ұлы ауруханада көз жұмған.  Қаралы ана Корея Республикасындағы Қазақстан елшілігіне ұлының денесің елге жеткізу үшін шығынды өтеу бойынша қаржылық көмек сұрап, өтінішпен жүгінген. Бірақ мәселе шешімін күтпестен қайырымдылық есебінен мәйітті мәйітханада бальзамдап сақтау, Қазақстанға әуе көлігімен тасымалдау жөніндегі қызмет төленген" деп жазады судья.  

Ол СІМ осылайша әкімшілік рәсімді тоқтатып, қаржылық көмек көрсетуден бас тартуға негіз бар деген шешімге келгенін айтады.

"Марқұмның анасы бұл жағдаймен келіспей, Астанадағы сотқа жүгінді. Істі қарау кезінде сот ұлы қайтыс болған күні ертеңінде әйелдің елшілікке жүгінгенін анықтады. Қазақстан азаматы қайтыс болған жағдайда консул оны тиісті құрметпен жерлеуге немесе қайтыс болған адамның денесін Қазақстанға жеткізу шараларын қабылдайды" деп атап өтті ол.

Сот қазақстандық дипломаттар (консул) марқұмды жерлеу немесе қайтыс болған адамның денесін жіберу бойынша шаралар қабылдауға міндетті деп есептейді. Ережелерде мұндай шығындарды өтеуге тыйым салынбайды.

"Соттың пікірінше, елшілік бұл әрекеттерді қаржылық көмектен және тиісті рәсімдерден бас тарту ретінде негізсіз бағалады. Талапкердің жерлеу қызметінің қызметтерін қарыз қаражаты мен жиналған қайырымдылықтар есебінен төлеуі мемлекетті шетелде қиын жағдайға тап болған өз азаматтарына қаржылық көмек көрсету міндетінен босатпайды. Белгіленген мән-жайларды ескере отырып, сот талапкердің талаптарын толық көлемде қанағаттандырды", деп нақтылады судья. 

Министрлік өтініш бойынша қозғалған әкімшілік рәсімді қайта жүргізіп, соттың құқықтық ұстанымын ескере отырып, қолайлы әкімшілік акт қабылдауға міндеттелді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді