Қазақстанда 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап үш жаңа сот іске қосылады

Фото: primeminister.kz
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті ҚР Жоғарғы Сотының алаңында кассациялық соттар құру мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2024 жылдың 19 тамызында ҚР Жоғарғы соты баспасөз қызметі хабарлады.

"2025 жылдың 1 шілдесінен бастап, елордада апелляциялық және қайта қараудың бірыңғай қағидалары бар үш дербес кассациялық сот жұмыс істейді...Жалпы, барлық баяндамашылар кассациялық соттардың құрылуын қолдай отырып, олардың тиімді жұмыс істеуі, судьялардың шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судьялық лауазымдарға ашық және жария түрде іріктеу қажеттілігі мәселелеріне ерекше назар аударды". ҚР Жоғарғы соты

Сындарлы пікірталатың қорытындысы бойынша парламентшілер мен сот корпусы бейтарап, әділ және тәуелсіз сот төрелігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды заң қоғамдастығымен одан әрі талқылауға дайын екендіктерін растады.

Айта кетейік, мәжіліс депутаттары 19 маусымды өткен пленарлық отырыста сот жүйесін реформалау және іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулерді бірінші оқылымнан-ақ мақұлдаған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды