Павлодар облысында педофил оқушы қызды зорлады

Сурет: pexels
2024 жылы 26 тамызда Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жас баланы зорлау фактісі бойынша ер адамға қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Істің мән-жайын заңмен жария ету мүмкін болмағандықтан, іс жабық сот отырысында қаралды.

"Т-ның ҚР ҚК-нің 120-бабы, 4-бөлігі бойынша кінәсі жауап алынған қатысушылардың айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және сотта зерттеген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді. Бұл қылмыс үшін қылмыстық заңда негізгі жаза ретінде тек 20 жылға бас бостандығынан айыру көзделген. Сот Т.-ны кінәлі деп танып, оған 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады".Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Сондай-ақ Т. өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды