Жыл басынан бергі жеті айда 5 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды – Бас прокуратура

Бас прокуратураның мәліметінше, 2024 жылдың 7 айында анықталған 5 мыңнан астам есірткі қылмысының 1,5 мыңға жуығы оны сатумен байланысты болған. Қылмыстық жауаптылыққа тартылған 3 мыңға жуық адамның 700-і есірткі сатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 28 тамызда Президент Әкімшілігінің өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары және басқа да мүдделі адамдар қатысқан іс-шарада қадағалау органының басшысы Берік Асылов мәлім етті.

Оның айтуынша, мемлекеттік аппарат нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында, оның ішінде 2023-2025 жылдарға арналған Есірткіге қарсы күрестің кешенді жоспары аясында ауқымды жұмыстар атқаруда. Айналымнан тәркіленген 20 тоннадан астам есірткінің 840 келісі – "синтетика". 22 халықаралық және 85 аймақтық есірткі арналарының жолы кесілген.

Осы бағытта қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша күштік органдарды бағалаудың жаңа жүйесі әзірленді.

Ол құқық қорғау органдары жұмысының негізгі көрсеткіштері мен халықтың нашақорлыққа тәуелділігі мәселесі жөнінде социологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша жүргізілетін болады. Бұл ретте бағалаумен жеке орган емес, бүкіл өңір қамтылады, бұл жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының күш – жігерін біріктіруге бағыттылған. Бұл шаралар облыс әкімдері мен аумақтық құқық қорғау органдары басшыларының есірткі жағдайы үшін жауапкершілігін арттырады.

Үйлестіру кеңесінде синтетикалық есірткі өндірісінде қолданылатын химиялық заттарды елімізге алып кіруге бақылауды күшейту шаралары ұсынылды.

Осы мақсатта прекурсорларды мониторингілеу және бақылау үшін Ұлттық ведомствоаралық "Таргетинг орталығын" құру (АҚШ пен Литва тәжірибесі негізінде) мәселесі пысықталатын болады.


"Таргетинг орталығы ақпараттық-сараптамалық хаб қызметін атқарады деп күтілуде. Кеңесте әлеуметтік желілердегі заңсыз контентті бұғаттау процестерін цифрландыру бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы мәселелері жеке талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша есірткі жарнамасының алдын алу, есірткіге тәуелді адамдардың есебін жетілдіру, оларды емдеу хаттамаларын өзгерту, медициналық көмектің қолжетімділігін, сапасы мен анонимділігін арттыру мақсатында бірқатар нақты ұсынымдар әзірленді". Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Қазақстан ҚР Бас прокуратурасы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: