Айыпталушыларға айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Соттың ақпаратына сүйенсек, Семей қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндет атқарушы құжаттарды жеделдетіп ресімдегені, жүргізуші куәлігін ауыстыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге жәрдемдескені, жоғары сұраныстың мемлекеттік тіркеу нөмірін алуға жәрдемдескені үшін бес азаматтан пара алды (4 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін).
"Сотталушылардың кінәсі олардың мойындау айғақтарымен, арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының және жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, банктік шот үзінді көшірмесімен, құжаттарды қарау хаттамаларымен дәлелденді".Семей қаласының №2 соты баспасөз қызметі
Сот ауыл шаруашылығы бөлімінің басшының м.а. ҚК 366-бабының 3-бөлігі 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған жаза тағайындалды – 2,9 млн теңге айыппұл (пара сомасынан 60 есе), мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
"Пара берушілер кінәлі деп танылып, оларға — 60 мыңнан 375 мың теңгеге дейін (пара сомасынан 15 есе) айыппұл түрінде жаза тағайындалды, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды".Семей қаласының №2 соты баспасөз қызметі
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Қазақстанда реттелетін қызметтер тізбесіне өзгерістер енгізілгені белгілі болды.