Оралда болған жаппай жол апатының видеосы желіде жарияланды

Сурет: Zakon.kz
Бірінші қазанда түнгі сағат 00:10-да Оралдағы Тәуелсіздік және Правдухин көшелерінің қиылысында жаппай көлік апаты орын алды. Кейін аталған жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚО полиция департаментінің нақтылауынша, ағымдағы айдың бірінші күні 44 жастағы жүргізуші тізгіндеген Volkswagen Tiguan бағдаршамның қызыл белгісіне тоқтап тұрған Mercedes-ке соғылды.

Қатты соққы салдарынан Mercedes бар инерциясымен алдында тұрған "ВАЗ" мен Skoda Rapid-ті түйіп кетті.


"Мой город" сайты Volkswagen Tiguan тізгінінде БҚО әкімдігі аппаратының қызметкері болуы мүмкін екенін жазған. 4 қазанда полицейлер медициналық куәландыру нәтижелері бойынша Volkswagen Tiguan жүргізушісі "орташа дәрежеде" мас болғанын хабарлады.  Жол апаты бойынша қозғалған іс әлі сотқа жолданған жоқ. 

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз