Соттағы істерді автоматтандырылған бөлу ережелеріне қандай өзгерістер енгізілді

Фото: Zakon.kz
Жоғарғы Соттың жалпы отырысында 2024 жылғы 12 қыркүйектегі қаулымен соттарда істерді автоматтандырылған бөлу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ереженің 14-тармағы жаңа нормамен толықтырылды, оған сәйкес:

Сот алқасының құрамына кіретін судьялар істерді қарау бойынша сот жүктемесінен 30%-ға босатылады.

Естеріңізге сала кетейік, Сот алқасы – бұл судьяларға қатысты тәртіптік істерді қарау үшін құрылған ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы жұмыс органы.

Сондай-ақ ережелер мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылды:

Облыстық соттардың төрағаларына, сот алқаларының төрағаларына, аудандық соттардың төрағаларына сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін, сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 216, 217 және 262-баптарында көзделген қылмыстар үшін жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру туралы материалдар қарау үшін міндетті болып табылады.

Бұдан басқа, Қағидаларда мамандандырылған тергеу соттарының төрағалары жоғарыда аталған қылмыстар жасады деп күдіктелген (айыпталушы) адамдарға қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау туралы материалдарды қарауға міндетті деп айтылады.

Сонымен қатар, жаңа 14-2 тармаққа сәйкес:

Облыстық соттардың төрағалары істерді қарау кезінде апелляциялық сатыда жеке төрағалық етеді:

Бұған дейін облыстық соттың төрағасы қатысқан жоғары тұрған соттың сот актісі жойылғаннан кейін жаңа қарауға келіп түскен істер алып тасталады.

Түзетулер судья болмаған кезеңде істерді автоматтандырылған бөлуді тоқтата тұру рәсіміне қатысты.

Қаулы 2024 жылғы 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Агроөнеркәсіптен бастап ЖИ-ге дейін: Қазақстан мен Қытай 15 миллиард долларлық қандай келісімдерге келді

Нетаньяху Нью-Йоркте ұсталуы мүмкін: қала мэрі мәлімдеме жасады

Алдағы үш күннің ауа райы: қай өңірде аптап, қайда жаңбыр жауады

"Сынап бағаны 47 градусқа дейін көтеріледі". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Мбаппе әлем чемпионаттарындағы гол саны бойынша Мессидің рекордын жаңартты