Алматы әуежайында шетелден келіп жеткен сәлемдемеден есірткі табылды

Сурет: YouTube/ҚР ІІМ
Алматыдағы логистикалық компаниялардың бірінің филиалынан шетелден келген сәлемдемеден гашиш майы мен психотроптық зат тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Көлік полициясының қызметкерлері алыс шетелден келген күдікті пошта сәлемдемесін байқаған.

Тексеру кезінде оның ішінен салмағы 895 грамм каннабис сығындысы (гашиш майы) және салмағы 623 грамм тетрагидроканнабинол психотроптық заты бар екі банка табылды. Қала әуежайында пошта жөнелтілімін күткен шетелдік ұсталды.

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды