Өскеменде Хэллоуинға дайындалған дәмханаға айыппұл салынды

Сурет: pixabay
Өскемендегі дәмханалардың бірінің алдындағы ағашта қара полиэтилен пакетке оралып, адам денесіне ұқсас салбырап тұрған белгісіз зат қала тұрғындарын шошытты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сөйтсе бұл дәмхана қожайынының Хэллоуин мерекесіне дайындығы болып шықты. Бірақ қала тұрғындарына мұндай декор ұнамады.

Әлеуметтік желіде тез тараған бұл сурет полицияның да назарына ілінді. Арандатушылық дизайн үшін мекеме егесіне айыппұл салынды.

Дәмхана "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін" 30 АЕК (111 мың теңге) төлеуге мәжбүр болады.

Қазір елді шошытқан бұл пакет алынып тасталды. 

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратын құру туралы жарлыққа қол қойды

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда

Атырау облысында алғаш рет Конго-Қырым инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелді. Дәрігерлер не дейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді