Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Аудит, расчет, аудитор, юридическая проверка, графики, график, экономика, предпринимательство, бизнес, инвестиционные контракты, договоры, инвестиции, инвестирование, рост экономики, экономический рост, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2026 13:40 Фото: freepik
Жамбыл облысында кәсіпкерлерге үш жылға берілуге тиіс техникалық шарттар бір жылға ғана рәсімделіп келген. Прокуратура араласқаннан кейін құжаттардың мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарысу ауданының прокуратурасы инвестор мен 26 кәсіпкердің жұмысына кедергі келтірген әкімшілік тосқауылдарды жойды.

Табиғи монополия субъектілерінің қызметін тексеру барысында "Жаңатас-Су-Жылу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны кәсіпкерлерге техникалық шарттарды заңда белгіленген үш жылдың орнына бір жыл мерзімге ғана бергені анықталды.

Атап айтқанда, 2023 жылдан бері минералды тыңайтқыштар өндіру жобасын іске асырып жатқан "Еврохим" ЖШС-не сумен және жылумен жабдықтау, сондай-ақ су бұру жүйелеріне қосылуға арналған техникалық шарттар жыл сайын бір жылға рәсімделіп келген.

Салдарынан кәсіпкерлер құжаттарын жыл сайын қайта рәсімдеуге мәжбүр болған. Бұл процесс 15 күнтізбелік күнге дейін созылған.

Прокуратураның араласуынан кейін инвестор мен 26 кәсіпкердің техникалық шарттары үш жыл мерзімге қайта рәсімделді. Заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: