Қазақстанда әлеуметтік қызметтер бойынша кәсіби стандарт бекітілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2024 жылғы 30 қыркүйектегі бұйрықпен "әлеуметтік қызметтер (протездік-ортопедиялық бұйымдарды жобалау, дайындау және жөндеу)" кәсіби стандартын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәсіби стандарт біліктілік пен құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды, сондай-ақ ұйымдарда протездік-ортопедиялық бұйымдарды жобалау, дайындау және жөндеу жөніндегі жұмыстарға арналған міндеттердің кең ауқымын шешуге арналған.

Кәсіби стандарт пайдаланушылар үшін қолданылады:

Осы кәсіптік стандарттың негізінде ұйымдар өндірісті, еңбек пен басқаруды, олардың жауапкершілігін, өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек функцияларының, білімдері мен дағдыларының тізбесін нақтылай отырып, ішкі қолдану үшін жұмыскерлерге арналған корпоративтік кәсіптік стандарттарды әзірлей алады.

Кәсіптік стандарт ортопедиялық аяқкиімді жобалау, модельдеу, протездік-ортопедиялық бұйымдарды жасау және жөндеу кезінде жұмыскерлердің дағдыларына, біліміне, машықтарына және жеке құзыреттеріне қойылатын тиісті талаптарға сәйкес келетін еңбек функцияларын жүйелі және құрылымдық сипаттайтын кәсіптерді қамтиды.

Осы кәсіптік стандартқа туынды лауазымдар енгізілмеген: басшылардың орынбасарлары, аға, жетекші және бас мамандар, олардың міндеттері, білімдері, машықтар мен дағдылары базалық лауазымдар негізінде айқындалады және ұйымдағы штаттық нормативтер мен кестелер негізінде белгіленеді. Аға, жетекші және бас мамандардың қажетті жұмыс өтіліне қойылатын талаптар I біліктілік санатындағы мамандар үшін көзделген талаптармен салыстырғанда 2-3 жылға артады.

«Білім» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімге қойылатын талаптармен қатар, жұмыскерлер: ішкі еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, экологиялық, өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі тәртіп пен нормаларды, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, жұмыс орнын ұтымды ұйымдастыру және ұстау тәртібін білуі тиіс. 

Кәсіптік стандарт 6 кәсіптік кіші топты (ортопедия, протездеу, протездеудегі технология, ортездеудегі технология, ортопедиялық аяқкиім технологиясы және модельдеу, слесарлық жұмыстар) және 18 кәсіпті қамтиды.

Кәсіптер карточкаларының тізбесі:

  1. ортопед-техник
  2. протезші техник
  3. протезші техник-технолог
  4. протезші инженер-технолог
  5. ортезші техник-технолог
  6. ортезші инженер-технолог
  7. ортопедиялық аяқкиім техник-технологы
  8. ортопедиялық аяқкиім инженер-технологы
  9. ортопедиялық аяқкиімді керуші (қолмен)
  10. ортопедиялық аяқкиімді құрастырушы (қолмен)
  11. ортопедиялық аяқкиімді фрезерлеуші (ортопедиялық аяқкиімді әрлеуші)
  12. ортопедиялық аяқкиім модельер-конструкторы
  13. ортопедиялық аяқкиімінің үстіңгі бөлігін пішуші-модельер
  14. қалыптар модельері
  15. ортопедиялық бұйымдарды тігуші
  16. протездік-ортопедиялық бұйымдардың механигі
  17. протездік-ортопедиялық бұйымдарды жасау және әрлеу жөніндегі қайысшы
  18. протездерді құрастырушы слесарь (ортопедиялық аяқкиім тігуші). 

Бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: