Алматы облысында танымал блогердің Lamborghini-мен трюк жасамақ болған жас көз жұмды

Сурет: pixabay
Әлібеков өзінің спорттық көлігі - Lamborghini -ді жас жігітке бере тұрған. Ал ол онымен TikTok-тағы байқауға қатысу үшін видео түсірмек болыпты. Алайда мұның соңы қайғылы жағдаймен аяқталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түсірілім Алматы облысы Іле ауданындағы "Сокол" автодромында өткен. Трюкті орындау кезінде Батырхан ауыр жарақат алып, кейіннен ауруханада жан тапсырған.

"...Айтарға сөзім жоқ. Туған-туыстарына, жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Мүмкін, көлікті бермеу керек пе еді", - дейді Әлібеков.

Бұл ақпаратты Алматы облысы ПД баспасөз қызметі растап, қайғылы оқиға 29 қазанда Ақсай ауылындағы "Сокол" автодромының аумағында болғанын жеткізді.

"Оқиға орнында түсірілім жүргізілген. Трюкті орындау кезінде 22 жастағы жігіт көлік доңғалағы астына түсіп, ауыр жарақаттар алды. Салдарынан жәбірленуші аудандық ауруханаға жеткізіліп, келесі күні - 30 қазанда есін жимастан көз жұмды. Lamborghini тізгінінде 45 жастағы ер адам болған. Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді полициядан.

Бұған дейін "Қазхром" ТҰК " АҚ кәсіпорындарының бірінде жол апаты салдарынан екі жұмысшы қаза тапқаны хабарланған.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев бірден төрт заңға қол қойды

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Ғимараттардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру ережелері жаңартылды