Қызылордада аса ірі мөлшерде есірткі затын тасымалдаған облыс тұрғыны ұсталды

Сурет: pexels
Қызылордада аса ірі мөлшерде есірткі затын тасымалдаған облыс тұрғыны ұсталды. Ол көлігімен Самара-Шымкент тас жолының Арал ауданы аумағының тұсында жол қозғалысы ережесін бұзып, полицейлердің назарына ілінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан жолаушыға тиесілі бірнеше бөліктерге бөлініп, салынған ерекше иісі бар шөп ұнтақтары анықталды. Сараптама қортындысына сәйкес анықталған зат салмағы 1,8 кг. кептірілген марихуана екені белгілі болды. Бұл аса ірі мөлшерге жатады". Арал ауданының полиция бөлімінің бастығы Әлтай Нұрсұлтан

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

57 жастағы облыс тұрғыны сот санкциясымен уақытша ұстау изоляторына екі ай мерзімге оқшауландырылды.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды