Қазақстанда электр және жылу энергетикасы саласындағы өндірістік бақылау туралы ереже бекітілді

Энергетика министрі 2024 жылғы 30 қазандағы бұйрықпен өндірістік бақылау туралы үлгілік ережені бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Электр және Жылу энергетикасы саласындағы ұйымдар осы Ережеге сәйкес өндірістік бақылау туралы ережені әзірлейді деп көзделеді.

Өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесімен біліктілік талаптарына, жұмыс тәжірибесіне және атқаратын лауазымына құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес сәйкестік бөлігінде келісу бойынша Ұйымның басшысының актісімен тағайындалады және босатылады.

Өндірістік бақылаудың міндеттері:

Лауазымды адам:

- қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарының бұзушылықтарды жою, жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;

- жұмыскерлердің өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін немесе технологиялық бұзылуларға алып келуі мүмкін Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзып жүзеге асырылатын жұмыстарды тоқтата тұруға;

- техникалық пайдалану қағидалары және қауіпсіздік техникасы қағидалары бойынша даярлаудан, қайта даярлаудан уақтылы өтпеген жұмыскерлерді жұмыстан шеттету жөнінде ұсыныстар енгізеді;

Жылу энергетикасы саласындағы өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды:

Өндірістік бақылауды жүзеге асыру кезінде Лауазымды адам:

- Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы заңнама талаптарының анықталған бұзушылықтарын талдау;

- технологиялық процеске және өндірістік бақылауға жататын электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы заңнама талаптарының бұзылу себептерін зерделеу;

- электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы заңнама талаптарын бұзудың ықтимал себептерін анықтау, талдау және жою мақсатында тиісті ақпарат көздерін (процестерді, жұмыс операцияларын, электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде тексеру нәтижелерін, қызмет көрсету туралы есептерді) пайдалану;

- электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы заңнаманы қамтамасыз етудің ықтимал проблемаларын болжау, сондай-ақ оларды шешу үшін қажетті шараларды алдын ала айқындау;

- алдын алу іс-шараларын алдын ала іске асыру және электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы заңнама талаптарының бұзылуының кепілді алдын алуды қамтамасыз ететін басқару шешімдерін қабылдау;

- Ұйымның басшысына қабылданған алдын алу іс-әрекеттері туралы ақпарат беру;

- электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігі, жылумен жабдықтау сапасы мен сенімділігі, жылумен жабдықтау жүйесінің қауіпсіздігін;

- жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға дайын күйде ұстау;

- техникалық құрылғыларға қажетті сынақтар мен техникалық куәландыруларды жүргізудің, өлшеу бақылау құралдарын жөндеудің және салыстырып тексерудің уақтылылығын;

- күзгі-қысқы кезеңде электр станцияларының, электр және жылу желілерінің жұмысқа дайындығын тексереді;

Бұйрық 2024 жылғы 11 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: