Күш құрылымы өкілдері Алматы мен тағы екі өңірде қылмыстық топты құрықтады

Сурет: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі
Күш құрылымы өкілдері Алматы мен тағы екі өңірде қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер облыс прокуратурасымен бірлесіп, ұзақ уақыт бойғы жедел жұмыстардың нәтижесінде алты адамнан тұратын қылмыстық топтың жолын кесті.

"Күдіктілер Жамбыл облысының Шу ауданынан Алматы қаласына және Алматы облысына гашишті жеткізу каналдарын ұйымдастырған. Ұстау және тінту іс-шаралары бір мезетте Алматы қаласында, Алматы облысында, Жамбыл облысының Шу ауданында өткізілді.Барлық алты күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тінту кезінде 5 келіден астам “гашиш” және 1 келіден астам “марихуана” тәркіленді", делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта алдын ала сөз байласу арқылу адамдар тобының есірткі заттарын дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Бұған дейін Түркістан облысында есірткі контрабандасына қатысты 120-дан астам шетелдік ұсталғаны хабарланған.

Алматы облысы
Тараз
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды