2025 жылы қанша қазақстандықты әскери қызметке шақыру жоспарланып отыр

Сурет: akorda.kz
Қорғаныс министрлігі Президенттің мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және ҚР азаматтарын 2025 жылғы наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Жарлығын іске асыру туралы Үкімет қаулысының жобасын дайындады.

Құжатқа сәйкес облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдеріне заңнамада белгіленген тәртіппен ұйымдастыру тапсырылды:

Ішкі істер министрлігі әскерге шақырылушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастырады.

Көлік министрлігі запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер мен әскерге шақырылушыларды тасымалдауды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, Қорғаныс, Ішкі істер, ТЖ министрліктері мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды, сондай-ақ мерзімді әскери қызметтің запасқа шығарылған әскери қызметшілерін тасымалдауға арналған шығыстарды өтеуді республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде өздері ұсынған шоттар бойынша тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға тікелей жүргізсін деп көрсетіледі.

Жоба 2024 жылғы 13 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты