Түсіндірме жазбада жобаны қабылдаудың мақсаты оның ведомстволық бағыныстылығы өзгерген жағдайда және уәкілетті орган қойған жаңа міндеттерді ескере отырып, ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистратурасына қабылдау рәсімдерін құқықтық реттеу болып табылатыны айтылған.
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында білім алушылардың контингентін қалыптастыру мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде, сондай-ақ оқу ақысын білім алушының өз қаражаты және (немесе) өзге де көздер есебінен төлеу арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында оқуға түсетін мемлекеттік қызметшілер тұрақты негізде штаттық лауазымдарды атқаруға тиіс.
Құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың және кейіннен жұмыспен өтеудің жиынтық мерзімдері заңнамада белгіленген зейнеткерлік жас шегінен аспауы тиіс.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында магистратурада оқу үшін, Конституциялық заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі тиісті жылға аудандық соттар судьяларының бос лауазымдарын ескере отырып, ге құқылы. Өңірлер бойынша квота белгілеу тәртібін Жоғары Сот Кеңесі айқындайды.
Академияда оқуға жоғары заң білімінің кәсіби оқу бағдарламасын меңгерген Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Академияда құжаттарды қабылдау, оқуға түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру және оқуға қабылдау үшін қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының құрамына Кеңес мүшесі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті соттардың судьялары, адвокаттық қоғамдастығы мен Академияның профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері кіреді.
Қабылдау комиссиясының құрамын Кеңес Төрағасының келісімі бойынша Академия ректоры бекітеді.
Құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 маусым мен 29 шілде (қоса алғанда) аралығында жұмыс күндері жүзеге асырылады.
Оқуға түсу емтихандары 5-22 тамыз аралығында, оқуға қабылдау 25 тамызына (қоса алғанда) дейін жүзеге асырылады.
"Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызметін Академияның қабылдау комиссиясы көрсетеді.
Магистратураға "7М042 – Құқық" кадрларды даярлау бағыты бойынша бір жылдық оқу мерзіміне қабылданады.
Жоба 2024 жылғы 20 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.