Іздеуде болған балалы жас ана Алматыдан аман-есен табылды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда 6 желтоқсанда 20 жастағы жас ана сәбиін алып, үйден шығып кетіп, қайта кері оралмаған. Келіні мен немересін іздестіруге көмектесу туралы Алматы қаласының 44 жастағы тұрғыны полицияға жүгінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабар түсе салысымен көлік полицейлері дереу іздестіру жұмыстарын бастап, жедел әрекетке кірісті.

7 желтоқсанда Ақтау қаласы әуежайын патрульдеу кезінде желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жоғалған әйел мен оның сәбиін анықтады.

Екеуі де аман-есен табылып, жеке басы тексерілгеннен кейін ата-анасының қолына тапсырылды.

Жас ананың ата-анасы көлік полицейлеріне дер кезінде көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Қырағылық танытқан сақшылардың жедел әрекеті арқасында жас ана мен сәбиінің жағдайы жақсы.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды