Атап айтқанда, ережелерге бірқатар жаңа терминдер қосылды:
- гибридті топ - электр энергиясын өндіру кезінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың жиынтық үлесі кемінде жиырма бес пайыз болатын, бір энергия торабында орналасқан және уәкілетті орган бекіткен тәртіппен гибридті топтар тізбесіне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тобы;
- гибридті топ әкімшісі – гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын осы гибридті топ ішінде тұтынушыларға және (немесе) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында кейіннен өткізу (сату) мақсатында алуды (сатып алуды) жүзеге асыратын, гибридті топқа кіретін, сондай-ақ гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылар үшін теңгерім провайдері болып табылатын заңды тұлға;
- гибридті топтың тұтынушысы - электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі болып табылатын және гибридті топтардың тізбесіне енгізілген тұтынушы;
- жасыл тариф -– Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығымен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10622 болып тіркелген) сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушы белгілейтін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сатуына арналған тариф;
- жасыл энергияны тұтынушы -– электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес айқындалатын жасыл тарифтер бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі.
Энергия өндіруші ұйымдар, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар және қайталама энергия ресурстарын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне электр энергиясын сатуды жүзеге асырады.
Бұл ретте энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясының бөлшек сауда нарығында электр энергиясының бөлшек сауда нарығының субъектілеріне электр энергиясын оның электр желілері орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік (облыс) шегінде ғана сатуды жүзеге асырады.
Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері жасаған электр энергиясын сатып алу-сатудың барлық шарттары бойынша электр энергиясының көтерме сауда нарығында сатып алынған (сатылған) электр энергиясының көлемі оператор бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне енгізілген электр энергиясын сатып алу-сатудың жоспарлы көлемі болып табылады.
Электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алу-сатуды электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері жүзеге асырады.
Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан нысан бойынша және (немесе) Тұлғалар тобының тізілімінде олармен бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан және (немесе) олармен бір гибридті топқа кіретін гибридті топ әкімшісінен және (немесе) жаңартылатын көздерден ғана сатып алуды жүзеге асыруға және олармен тиісті электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасады.
Бұл ретте жүйелік оператор Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінен оқшауланған жұмыс салдарынан электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан ұлттық электр желісінің технологиялық және өндірістік мұқтаждарына электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырудың техникалық мүмкіндігі болмаған кезде электр энергиясын өткізетін электр энергиясын жеткізушілерден Қазақстан Республикасының аумағы тікелей шетелдік өндірушінің атынан Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден электр энергиясын сатып алады.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясын жиынтық белгіленген қуаты 10 мегаваттан аспайтын, өздерінің қызмет көрсету аймағында орналасқан, 2023 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген және 2023 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын сатып алу мен сатудың ұзақ мерзімді шарттары болмаған гидроэлектр станцияларынан осы Заңның 12-1-бабына сәйкес белгіленген электр энергиясына шекті тариф бойынша басым тәртіппен сатып алады.
Бұл ретте электр энергиясын осы гидроэлектр станцияларынан 2023 жылғы 1 шілдеге белгіленген қуат деңгейінде сатып алуға жол беріледі.
Ережелердің толық мәтінімен сілтеме арқылы танысуға болады.
Бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін жекелеген нормаларды қоспағанда, 2024 жылғы 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.