Ақтауда элиталы көліктердің жүргізушілері жол ортасына тоқтап, "лезгинка" билеген

Сурет: Zakon.kz
Ақтауда бірнеше көліктің жүргізушісі жол ортасына тоқтап, "лезгинка" билеп қоя берген. Олардың көліктері айыппұл тұрағына қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Полиция әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісін анықтады, деп жазады lada.kz.

"Видеода Bentley, Mercedes Benz және Porshe автокөліктерінің жүргізушілері 5 және 6 ықшам аудандар арасындағы жол жүрісі бөлігінде би билейді", – деді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бүгіндері аталған автокөлік иелеріне хаттамалар толтырылып, ал элиталы маркалы көліктер айыппұл тұрағына қойылды.

Бұған дейін Алматыда жолда дрифт жасап, айналасына қауіп төндірген жас жүргізуші қамауға алынған болатын.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады