Қарағанды облысында тоқтатылған жеңіл көліктен 13 қап марихуана табылды

Сурет: Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі
"Қарағанды-Астана" тас жолында тоқтатқан Audi A6 көлігінен Қарағанды облысының полиция қызметкерлері жалпы салмағы 266 кг болатын 13 қап марихуананы тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысының 38 жастағы тұрғыны тізгіндеген Audi A6 көлігінде осы аймақта тұратын құрдасы – серігі де болған.

"Автокөлікті тексеру барысында артқы орындықтан және жүк салғыштан өсімдік тектес заттан тұратын 13 қапшық табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, қапшықтағы зат жалпы салмағы 266 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты", – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Жыл басынан бері Қарағанды облысында заңсыз айналымнан 446 келі түрлі тыйым салынған заттар, оның ішінде 100 келіден астам гашиш, 180 келіден астам марихуана және 12 келі синтетикалық есірткі тәркіленді.

Бұған дейін Жетісу облысында синтетикалық заттар өндіріп келген есірткі зертханасының көзі жойылды. Тергеу барысында 6,4 келіден астам мефедрон тәркіленді.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды