Түркістан облысында пиротехниканы заңсыз сатудың 60-тан астам фактісі анықталды

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Түркістан облысында "Пиротехника" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер өртке қарсы қызметпен бірлесіп сертификатталмаған пиротехникалық өнімді заңсыз әкелуді, өткізуді, пайдалануды анықтау мен оның жолын кесуге бағытталған рейдтер жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Іс-шара барысында 30-ға жуық рейд жүргізіліп, соның нәтижесінде "тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау" бабы бойынша 62 құқық бұзушылық анықталды. 360 бірліктен астам сертификатталмаған пиротехникалық өнім тәркіленді". Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мәселен, Арыс ауданында полицейлер жергілікті дүкендердің бірінде пиротехникалық өнімдерді заңсыз сату фактісін анықтады. Полиция 30-ға жуық пиротехниканы тәркілеп, құқық бұзушыға қатысты әкімшілік шара көрілді.

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Бұдан басқа тәртіп сақшылары пиротехникалық өнімді пайдалану кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу мен азаматтардың онымен қауіпсіз жұмыс істеу ережелерін сақтауы мақсатында халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Айта кетейік, "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасы жаңа жылдық мерекелер кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың пиротехникалық бұйымдардың айналымы мен қолданылуының белгіленген ережелерін сақтауын бақылау мақсатында өткізілуде.

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды