Шымкентте емхана дәрігерін балағаттаған ер адам бес тәулікке қамауға алынды

Сурет: unsplash
Шымкент қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында емхана қабырғасында дәрігерді балағаттады деп айыпталған ер адамға қатысты әкімшілік ісі қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімішілік істі қарау кезінде азамат Е. 2025 жылғы 5 қаңтарда емханада, яғни қоғамдық орында жәбірленуші (дәрігер) К-ның ар-намысына тиіп, оған былапыт сөздер айтып, айналасындағы адамдарға сыйламаушылық білдіргені анықталған.

Ер адам өз кінәсін толық мойындап, өкінетіндігін білдіріп, шын мәнінде жанжал барысында дәрігерге былапыт сөздер айтқандығын растап, одан кешірім сұрап, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сот жоғарыда көрсетілген мән-жайларды ескере отырып, сотталушыға ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен 5 (бес) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Астанада өзгелердің 57 млн теңгесін алдау жолымен иеленген әйел адамға қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіппен қайта қаралғаны хабарланған.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді