Қазақстанда құндылықтар иерархиясын анықтауға арналған әлеуметтік зерттеу жүргізілді

Сурет: pexels
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты қоғам арасында терең орныққан құндылықтардың иерархиясына арналған әлеуметтік зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Telegram-дағы арнасында жазды.

Сауалнама нәтижесіне сәйкес, "Заң және Тәртіп" қағидаты азаматтарымыз үшін аса маңызды саналатын жалпыұлттық құндылықтар қатарына енді ("Әділдік" – 84,1%, "Заң және Тәртіп" – 83,5%, "Еңбек" – 83,4%).

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде "Заң және Тәртіп" қағидатын одан әрі орнықтыру және құқықбұзушылықтың кез келген түріне "мүлдем төзбеушілік" ұстанымын қалыптастыру қажеттігіне баса назар аударғаны тегін емес. Айта кету керек, заң үстемдігінің қамтамасыз етілуі және оны бұзғаны үшін жазаның бұлтартпастығы – мемлекеттің негізгі міндетінің бірі. Сондықтан әлемнің көптеген елінде тәртіп пен тұрақтылықты нығайтуға деген қоғамдық сұраныстың өзектілігі артып келеді", делінген жазбада.

Айта кетсек, 2025 жылы 25 қаңтарда Астанада Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресінің форумы өтті. Оған мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қатысты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды