СҚО-да электр пойызында "өнер көрсеткен" мас жолаушыны полицейлер ұстап әкетті

Сурет: polisia.kz
Солтүстік Қазақстан облысы Булаев станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Есілкөл — Петропавл бағытындағы электр пойызынан мас жолаушыны ұстап, түсіріп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көліктегі полицейлер тексеру барысында 53 жастағы облыс тұрғынын анықтады. Масаң күйдегі ер адам балағат сөздер айтып, жолаушылардың тыныштығын бұзған, сондай-ақ құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талаптарына қарсылық көрсеткен.

"Құқық бұзушыға қатысты алкогольді ішімдіктер ішкені, қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені, ұсақ бұзақылық жасағаны және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбағаны үшін 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттама толтырылды. Ұсақ бұзақылық және полиция талабына бағынбау бойынша іс сотқа жолданды", делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, бұл баптар бойынша құқық бұзушы 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.  

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз