Степногорскіде бес баласы бар үйден есірткі зертханасы әшкереленді

Сурет: polisia.kz
Степногорск қаласында Көліктегі полиция қызметкерлері есірткі өсірумен айналысқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

5 ақпанда Көліктегі полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Көкшетау көлік прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ресей Федерациясының 37 жастағы азаматын ұстады.


"Ол өзінің пәтерінде марихуана өсіретін жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырған. Аталған пәтерде оның бес баласы да тұрған. Тінту барысында өсімдіктерді өсіруге арналған фитошамдар, желдеткіш құрылғылар және басқа да техникалық жабдықтар, тыңайтқыштар мен химиялық реагенттер,  есірткіге ұқсас заты бар пластикалық ыдыс, марихуананың ерекше иісін шығаратын бұталар, тұқым салынған пакеттер тәркіленді. Медициналық сараптама нәтижесінде ұсталған азаматтың каннабиноидтар қолданғаны расталды. Ол Telegram арқылы марихуана тұқымдарын тапсырыс беріп, пошта арқылы алғанын және үй жағдайында жылыжай ұйымдастырғанын мойындады", делінген хабарламада.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі