Алматы облысында жеңіл көлікпен қой ұрлағандар ұсталды

Сурет: pixabay
Алматы облысында шамамен 20 млн теңгенің малын ұрлаған ұрылар құрықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдік тудырған екі автокөлік тоқтатылып, олардың жүк салғышынан ұрланған жеті тұсақ мал тірідей табылды. Оқиға орнында 28 бен 34 жас аралығындағы үш ер адам ұсталып, тергеу жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді.

"Тексеру нәтижесінде олардың әрекеттерінен Жамбыл ауданы Дегерес ауылының тұрғындары зардап шеккені анықталды. Ұрланған мал иелеріне қайтарылды. Тергеу барысында ұсталғандардың Жамбыл және көршілес Қарасай аудандарында жасалған он 15 мал ұрлығы дерегіне қатысы бары белгілі болды. Құқық қорғау органдары олардың қылмысқа қатысы бар ықтимал сыбайластары мен ұрланған малды сатып алушыларды анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Әзірге келтірілген шығын көлемі 20 млн теңге шамасында. Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер тіркеліп, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты