Қазақстанда әскерге шақырылушыларды есепке алу ережесі жаңартылды

Фото: Дмитрий Дегтярев
ҚР Қорғаныс министрі 2025 жылғы 19 ақпандағы бұйрықпен әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, жаңа редакцияда ережелердің бірнеше тармақтары көрсетілген.

Мәселен, жыл сайын қаңтар – наурызда тіркеу жылында 17 жасқа толатын ер азаматтар әскерге шақыру учаскесіне тіркеледі.

Тіркеуді жергілікті атқарушы орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сымен бірлесіп, азаматтарды әскери есепке қабылдау, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық санатын айқындау,білім деңгейін, алған мамандығы мен дене шынықтыру дайындығы деңгейін белгілеу мақсатында ұйымдастырады және жүргізеді.

Азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы деректер негізінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО әскерге шақыру ресурсын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының түрлері мен әскер тектері бойынша алдын ала бөледі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымында әскери-техникалық және өзге де мамандық бойынша оқыту үшін кандидаттарды алдын ала және әскери, арнайы оқу орнына оқуға түсуге ниет білдірген адамдарды іріктейді.

Азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді олардың тұрақты тұрғылықты жері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО жүргізеді.

Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымында ақылы негізде әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша әскери-техникалық және өзге де мамандық бойынша білім алған әскерге шақырылушылар тұрғылықты жері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сына әскери міндеттілердің әскери есебіне беріледі.

Министрліктің мамандандырылған ұйымы нысан бойынша даярлықтың толық курсынан өткен әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың атаулы тізімін және мамандандырылған білім беру ұйымының мөрімен куәландырылған әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификат көшірмесін оқу аяқталған сәттен бастап 3 күннен кешіктірмей тұрғылықты жері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сына жібереді.

Запастағы офицерлер мен сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлықтан өткен азаматтар тұрғылықты жері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сына запастағы офицерлер мен сержанттардың әскери есебіне беріледі.

Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтан өткен және оқуды бітіру емтиханын тапсырған азаматтарға:

запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлықтан өткен азаматтарға:

Қорғаныс істері департаменті:

– олардың бар болуын және дұрыс ресімделуін тексереді;

– дәлсіздік анықталған не қате болғанда құжаттарды әскери кафедраға қайтарады;

– әскери атақ беру туралы бұйрық шығарады;

– алынған құжаттарды жеке іске тігеді және мұрағатқа сақтауға береді.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сында азаматтардың әскери кафедраны бітіргені және оларға әскери атақ берілгені туралы ҚР ҚМ АЖ-сынан хабарлама алғанда мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

Қажет болғанда запастағы офицерлер немесе сержанттар бағдарламасы бойынша даярлықтан өткенін растау үшін азаматтарға олардың өтініші бойынша оқу орнының әскери кафедралары нысан бойынша анықтама береді.

Бұйрық 2025 жылғы 4 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды