Ақтөбе облысында басынан сөз асырғысы келмеген жас қыз қомақты айыппұл арқалады

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысында дүкендегі адамды басынан ұрып, ерінін жырған 22 жастағы қызға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Диапазон" порталының мәліметінше, оқыс оқиға супермаркеттегі банкоматтардың жанында болған. Бір әйел кезекті сақтамаған қызға ескерту жасайды. Осы сөзді көтере алмаған жас кейіннен әрекетке көшкен. Ол сауда залының кіреберісінде сол әйелді алдынан күтіп алады. Нәтижесінде іс сотқа жетіп, қызға бұзақылық жасады деген айып тағылды. Ол өз кінәсін мойындады, бірақ жәбірленуші де өзіне қолын көтергенін атап өтті. 

Зардап шеккен әйелдің айтуынша, дүкенге барамын деп бас ауруын тауып алып, остеохондрозын асқындырған. Ол емделуге 200 мың теңгеден астам қаражат жұмсаған. Сондықтан ол айыпталушыдан моральдық зиян үшін 1 миллион теңге төлеуді талап етті.

Сот 22 жастағы қызды бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, алты айға бас бостандығын шектеді. Осы мерзім ішінде сотталған адамға ойын-сауық орындарына баруға тыйым салынады, жұмыстан кейін ол үйде болуы керек. Сондай-ақ, ол жәбірленушіге адвокаттың қызметі үшін 800 мың және моральдық зиян үшін 100 мың теңгені өтеуге міндеттелді.

Бұған дейін Талдықорғанда оқушылардың біртүрлі ойыны бірнеше құзырлы мекемені аяғынан тік тұрғызғанын хабарлағанбыз.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі