Көкшетауда полицейлер өртенген пәтерде ес-түссіз жатқан ер адам мен жас баланы құтқарды

Сурет: polisia.kz
Ақмола облысында тәртіп сақшылары өртенген пәтер ішінде ес-түссіз жатқан ер адам мен баланы қауіпсіз жерге алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 наурызда сағат 17:28-де Көкшетау қаласының Юбилейный ықшам ауданындағы бес қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы 102 нөміріне шұғыл қоңырау келіп түскен.  Оқиға орнына санаулы минуттар ішінде жеткен учаскелік полиция инспекторы Сағындық Құрмантаев көршілердің пәтер есігін ашуға тырысып жатқанын көреді. Өйткені іштегі тыныштық бәрін алаңдатқан.

"Осы кезде үй ауласындағы қарт кісі көмек сұрап, іште ұлы мен немересі қалып кеткенін, өзінде кілт жоғын айтты. Көп ұзамай есік ашылып, Сағындық Құрмантаев дымқыл шүберекпен тынысын жауып, қою түтіннің ішіне батыл кірді. Пәтердің дәлізінен ол естен танып жатқан  8 жасар баланы тауып алып, дереу сыртқа алып шықты. Артынша ішке қайта кірген полиция қызметкері түтін арасынан сұлық жатқан ер адамды байқайды. Оған кинолог, кіші сержант Артем Шмидт пен патрульдік қызмет өкілдері де көмекке жетті. Қалың түтінге қарамастан, тәртіп сақшылары ер адамды қауіпсіз жерге шығарып, алғашқы көмек көрсетті. Арада көп уақыт өтпей өрт сөндірушілер келіп, жалынды толық ауыздықтады. Полицейлер мен жедел әрекет еткен көршілердің арқасында қос бірдей адамның өмірі аман қалды. Қырағылық пен батылдық танытқан көршілерге полиция қызметкерлері алғыс білдірді". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Қазіргі таңда құтқарылған әке мен бала аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайы бақылауда екенін айтады.  

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты