Маңғыстау облысындағы оқушы баланың жұмақ өліміне қатысты прокуратура мәлімдеме жасады

Сурет: Zakon.kz
Прокуратура Ақжігіт ауылында болған 11-сынып оқушысының өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz басылымының мәліметінше, Маңғыстау облысының прокуроры Айдос Малыбаев Ақжігіттегі 17 жасар оқушының өліміне қатысты істі жеке бақылауға алды.

Жасөспірім өліміне қатысты 20 жастағы жігітке күдік келтіріледі. Ол қазір ұсталып, қамауда отыр. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі, "Жәбірленушінің өліміне әкеліп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бапқа сәйкес, мүлкі тәркіленіп немесе тәркіленбей, сегіз жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады. 

Қайғылы оқиға 8 сәуірде болды. Марқұмның туыстарына жасөспірімнің құлап, ауыр жарақат алғаны, соның салдарынан көз жұмғаны айтылған. Алайда қаралы отбасы бұған сенбейді. 

Ақтау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды