"Өртеп жіберген". Шымкентте анасын өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Сурет: Zakon.kz
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өзінің анасын өлтірген, психикалық ауруға шалдыққан азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта 2025 жылдың қаңтар айында психикалық ауруға шалдыққан сотталушы бала кезінде ұрысқаны және нағашыларының қолына қалдырып кеткені есіне түсіп, кек алу мақсатында ұйықтап жатқан анасына бірнеше рет асхана пышағын сілтеп, оны құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратқаны анықталды. 

"Ол қылмысын жасыру мақсатында сол күні аулада от жағып, жанып тұрған от үстіне мәйітті тастап өртеп жіберген. Сотталушының кінәсі, куәлердің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, сот сараптамаларының тұжырымдарымен дәлелденеді", делінген сот хабарламасында.

Прокурор сотталушыны ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 3) тармағымен кінәлі деп танып, қылмыстық жауаптылықтан босатып, оны интенсивті байқайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу шараларын қолдануды сұрады.

Қорғау тарабы прокурордың осы ұстанымымен келісті.

Сот қаулысымен сотталушы ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 3) тармағымен кінәлі деп танылып, оған интенсивті байқайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу шарасын қолданып, қылмыстық істі өндірістен тоқтатты.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін ШҚО-да жеті баласына алимент төлемеген әйел жауапқа тартылғанын жазғанбыз.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді