Абай облысының прокуратурасы жылу тарифтерінің төмендеуіне қол жеткізді

Сурет: freepik
2022 жылдан бастап Абай облысындағы жеті жылумен қамтамасыз ету ұйымы мемлекеттен 3,3 млрд теңге мөлшерінде субсидия алған. Заңнама талаптарына сәйкес, жылу тарифтерін қалыптастыру кезінде бұл қаражат ескерілуі тиіс болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда, Бас прокуратура атап өткендей, табиғи монополия субъектілері өз қызметтерінің құнын төмендетпеген,

"Прокурорлық тексеру нәтижесінде, жылумен қамтамасыз ету тарифтері әр кәсіпорынға бөлек бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге уақытша өтемдік тариф енгізу арқылы төмендетілді.  Жалпы облыс бойынша тарифтердің төмендеуі 4,5%-дан 48%-ға дейін жетті. Осылайша, алдағы үш жыл ішінде тұтынушылар 3,3 млрд теңге үнемдейтін болады", деп нақтылайды құзырлы ведомство.

Абай облысының прокуратурасы 80 мыңнан астам тұтынушының, оның ішінде 78 мың жеке тұлғаның құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етті.

Азаматтардың табиғи монополиялар саласындағы құқықтарының сақталуын қадағалау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Бұған дейін алматылықтар жылу төлемдерін онлайн бақылай алатынын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді