Жол үстіндегі төбелес, көліктің әйнегін шағу: Астанада жарнама "қаһармандары" жазаланды

Сурет: pixabay
Елорда полициясының қызметкерлері әлеуметтік желіде Toyota мен Kia автокөліктері жүргізушілерінің жол үстінде жанжалдасқан видеосын анықтады. Ұртоқпақты (бита) қолдану салдарынан Kia көлігінің алдыңғы әйнегі шытынап кетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, оқиға Instagram-ға жарнамалық мақсатта салу үшін жасалыпты.

"Жасалған құқық бұзушылықтар үшін олар маневр жасау ережелерін бұзғаны, көлік құралдарын тіркеу белгілерінсіз тізгіндегені және көлік жүруге болмайтынын жерде шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Екі көлік те тәркіленіп, арнайы автотұраққа орналастырылды", - деді полициядағылар.

Оқиға "қаһармандарына" қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа қарау үшін жолданды.

Бұған дейін Алматы маңындағы жол апаты салдарынан бір отбасы мүшелері қаза тапқаны хабарланған.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді