Пошта маркалары мен конверттерге жаңа талаптар қойылды

Фото: Zakon.kz
Цифрлық даму министрі 2025 жылғы 28 мамырдағы бұйрықпен почта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, почта операторының почта төлемінің белгілерін пайдалану ережесін және оған қойылатын талаптарды бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжат мемлекеттік почта төлем белгілерін қоспағанда, почта операторының почта төлемінің белгілерін пайдалану тәртібін және қойылатын талаптарды айқындайды.

пошта төлемінің белгілері – пошта байланысының көрсетілетін қызметтеріне ақы төленгенін растайтын, пошта операторы жазбаша хат-хабар жөнелтілімдеріне жапсыратын белгілер, оның ішінде пошта маркалары, блоктар, маркалы конверттер және (немесе) пошта карточкалары, франкирлеу машиналарының бедерлері, электрондық және өзге де белгілер;

пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгілерi – айналымға уәкілеттi орган енгiзетiн, Ұлттық пошта операторының көрсетілетін қызметтеріне ақы төленгенiн растайтын пошта маркалары, блоктар, маркалы конверттер және (немесе) пошта карточкалары, франкирлеу машиналарының бедерлері, электрондық және өзге де белгiлер.

Пошта операторы пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органмен келісілген пошта төлемінің белгілерін пайдаланады.

Пошта төлемі белгілерінің эскиздерін әзірлеуді пошта операторы жүзеге асырады.

Пошта төлем белгілерінде мынадай қызметтік жазбалар орналасады:

Пошта төлемі белгілерінің номиналды құнын белгілеген жағдайда, мынадай әріптер пайдаланылады:

Пошта төлемі белгілерінің пошта операторларына тиістілігін сәйкестендіру мақсатында пошта төлемінің мемлекеттік белгілерінен басқа беттік жағында пошта операторының атауы болады.

Пошта төлем белгілері пішіні тік немесе көлбеу өлшемі 15 (он бес) миллиметрден кем болмайтындай кез келген пішінде болуы мүмкін.

Кез келген компостермен жасалынған айырым тесіктері немесе өрнектелген бердерлі ізтаңбалар пошта төлем белгілерінің айқындылығын сақтай отырып енгізіледі.

Пошта төлем белгілеріндегі қызметтік жазбалар оңай оқылуды және пошта төлемінің белгісін рәсімдеудің композициялық шешіміне сәйкестікті қамтамасыз етіп орналастырылады.

Бұйрық 2025 жылғы 14 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды