Петропавлда 23 жастағы елордалық азаматтан жарты келіден астам "синтетика" тәркіленді

Сурет: СҚО ПД баспасөз қызметі
Полиция мәліметінше, жас жігіт Петропавлға синтетикалық есірткі заттарын тарату мақсатында келген. Сәуір айында ол құқық қорғау органдары мен ҰҚК СҚО бойынша департаменті қызметкерлерінің бірлескен іс-шарасы барысында ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдікті тұрған жалдамалы пәтерден және оның айтуымен жасырылған орындардан жалпы салмағы жарты келіден асатын ұнтақ тәрізді зат салынған орамалар тәркіленді.

"Сараптама нәтижесінде олардың құрамында синтетикалық "α-PvP" және "мефедрон" есірткілері бары анықталды. Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде", делінген СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұл — биыл полицейлер тәркілеген ең ірі көлемдегі синтетикалық есірткі партиясы. Жалпы, қаңтар айынан бері облыста 139 есірткіге қатысты құқық бұзушылық тіркелді, оның 66-сы — сату фактілері. 40 килограмнан астам түрлі есірткі және психобелсенді заттар тәркіленген.

Бұған дейін Қазақстанда биыл 95 есірткі зертханасы мен 18 қылмыстық топ әшкереленгені хабарланған.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды