Семейде оқушыны жабыла сабағандардың бірінің анасы ата-ана құқығынан айырылды

Сурет: unsplash
Абай облысының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ата-ана құқығынан айыру және шектеу туралы азаматтық істер қаралды. Шешім үш іс аясында қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың сәуір-мамыр айларында Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Семей қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның талап арыздары бойынша үш азаматтық іс қаралды.

Кәмелетке толмаған баланы соққыға жыққан алты ата-ананың үшеуі комиссия шешіміне шағым түсірген. Қалған ата-аналарға қатысты сот отырыстары өткізіліп, мынадай шешімдер қабылданды:

"Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың ата-аналарынан алимент пен мемлекеттік баж өндіріп алынды. Қыз балалар қамқоршылық және қорғаншылық органдарының қарауында. Үшінші іс бойынша талапкер өкілі мен жауапкер тарап – кәмелетке толмаған баланың ата-анасының экстерриториялық соттылықты қолдану туралы өтініштері негізінде істі басқа облысқа жолдау туралы шешім қабылданды", делінген Абай облыстық сотының хабарламасында.

Сотпен қабылданған шешімдер кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, олардың өмір сүруіне, тәрбиеленуіне және дамуына қауіпсіз әрі қолайлы жағдайлар жасауға бағытталғаны нақтыланады.

Бұған дейін Семейде оқушы баланы аяусыз соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-аналарына қандай жаза тағайындалғанын жазғанбыз. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін