Өскеменде адасып кеткен зейнеткер әйел дронның көмегімен табылды

Сурет: pixabay
Өскемен қаласында 71 жастағы жергілікті тұрғын үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Бірнеше сағат өткен соң, оның немересі полицияға жүгініп, әжесінің жоғалғаны туралы хабарлаған. Бұған дейін туыстары әйелді өз беттерінше іздеп көрген, алайда нәтиже болмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, егде жастағы әйел 12 шілдеде жоғалған.

"Хабарлама келіп түскен бойда полицейлер жедел-іздестіру шараларына кірісті. Іздеуге полиция қызметкерлерімен қатар, дрон пайдаланылды. Дрон операторы жерді әуеден шолып, патрульдік топтарға нақты координаттарды жеткізіп отырды. 13 шілдеде  түнгі сағат бір кезінде зейнеткер қалың шөп арасына кіріп кеткен жерінен табылды. Ол ұзақ уақыт бойы адасып жүріп, үйге қайтар жолды таба алмағанын айтқан", делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрмағаны да нақтыланады.

Бұған дейін Алматы тауларында жоғалып кеткен 18 жасар жігіттің денесі табылғанын хабарлағанбыз

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды