"Көбісі үйін сатып, ақша салған". Шымкентте тағы бір заңсыз қаржы пирамидасы әшкереленді

Сурет: freepik
Қаржылық монитринг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті "Mooni Gold" қаржы пирамидасының заңсыз әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Тергеу деректеріне сай күдіктілер өздерін зергерлік бұйымдар сататын компания ретінде көрсетіп, азаматтарға 5 ай бойы салым сомасының 20-30%-ын ай сайын табыс ретінде беруге және негізгі қаражаттың сақталуына кепілдік берген. Алайда, төлемдер нақты сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдары есебінен жүзеге асырылған", делінген агенттік баспасөз қызметінің 2025 жылы 25 шілдедегі хабарламасында.

Нәтижесінде қаржы пирамидасына қатысушылар саны мыңнан асты. Залал көлемі 500 млн теңгеден асты.

Күдіктілер қылмыстық жолмен алынған табысқа жалпы құны 280 млн теңге болатын элиталық үй мен автокөлік сатып алған. Бұл мүлікке сот шешімімен тыйым салынды.

"Тінту кезінде 15 млн теңге қолма-қол ақша және құны 28 млн теңгеден асатын 67 түрлі алтын бұйым тәркіленді. Маңыздысы, салымшылардың көпшілігі өз үйлері мен көліктерін кепілге қойып, несие рәсімдей отырып, пирамидаға ақша салған. Зардап шеккендердің бірі – зейнеткер әйел, ол пәтерін кепілге қойып, ұйымдастырушыларға 67 млн теңге берген. Сонымен қатар, күдіктілер салымшыларды "дроппер" ретінде пайдаланған. Яғни басқа қатысушылардан түскен қаражатты өзге салымшылардың банк шоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырған". ҚМА баспасөз қызметі

Күдіктілер екі айға қамауға алынды.

Бұған дейін қазақстандықтар "ҚазМұнайГаз Инвест" қаржылық пирамидасына атына қызығып, 1 млрд теңгеден астам инвестиция салып жібергені хабарланған.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады