Ұрыс-керіс төбелеске ұласқан: Семейде жас жұптың жанжалы видеоға түсіп қалды

Сурет: Zakon.kz
Абай облысының полиция қызметкерлері әлеуметтік желідегі ақпаратты тексерді. Онда Семей қаласында Докучаев көшесінде әлдекім қызды ұрлап кетпекші болғаны айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, тексеру барысында аталған уақытта көлікте жас жұп отырғаны, олардың арасында тұрмыстық жанжал болғаны анықталды.  Сонымен қатар, полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу және түнгі тыныштықты бұзу арқылы қоғамдық тәртіпті бұзған басқа да құқықбұзушылықтарды тіркеді. 

"Көлік тізгінінде болған 23 жастағы ер адам қызға күш қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қайталануы мүмкін зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында полиция жәбірленушіні қорғау шараларын қабылдады. Қазір қыз полицейлердің қорғауында, онымен тергеушілер жұмыс істеуде. Абай облысының Полиция департаменті азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнген кез келген қауіп заң шеңберінде қатаң қаралатынын ескертеді", делінген полиция хабарламасында.

Айта кетсек, Ақтөбеде мешіт ауласында қыз бен жігіт арасында орын алған оқиғаға қатысты ҚМДБ пікір білдірген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды