Алматыда аққуды қылқындырған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 5 тамызда әлеуметтік желіде ер адамның Бас Ботаникалық бақ аумағында аққуды мойнынан ұстап алған сәті түсірілген видео жарияланды. 42 жастағы құқық бұзушы бір тәулік ішінде анықталып, ұсталды. Алматылыққа қатысты 8 тамызда сот үкімі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот ер адамды 7 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы үкім шығарды.

"Бұл – жануарларға қатыгездік көрсету, дөрекілік пен Бақ аумағындағы орынсыз әрекеттер үшін әрбір құқық бұзушы жауап беретінінің айқын дәлелі. Бас Ботаникалық бақ — ерекше қорғалатын табиғи аумақ, онда арнайы ережелер мен бірқатар шектеулер қолданылады. Мұндағы жануарлар мен өсімдіктер қорғауға алынған. Оларға бағытталған кез келген агрессия немесе құрметсіздікке жол берілмейді. Бұл және өзге де ережелерді бұзғандар міндетті түрде жазаланады. Сондықтан Ботаникалық баққа келушілерге арналған ережелерге назар аударуды ұсынамыз", - дейді Ботаникалық бақ әкімшілігі.

Бұл ережелер ақпараттық панельдерде, сондай-ақ мекеме сайтында жария оферта шартына қосымша ретінде орналастырылғаны да нақтыланады. 

"Қазір аққудың жағдайы жақсы екенін хабарлауға қуаныштымыз, оның жағдайын орнитолог мамандар бақылауда ұстап отыр. Бұған дейін біз аққулы тоғанның маңына шағын қоршау орнатуды, ең алдымен, адамдардың, әсіресе кішкентай келушілердің қауіпсіздігі үшін жоспарлаған едік. Енді біз мұндай қоршаудың жануарларды адамдардан қорғау үшін де қажет екеніне көз жеткіздік", делінген хабарламада.

Алматыдағы Ботаникалық баққа келген демалушы аққуды тұншықтырмақ болғанын жазғанбыз

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс