Семейде апалы-сіңлілі ағайындар мұраға қалған қара шаңырақты бөлісе алмай, сотқа жүгінді

Сурет: pexels
Абай облысында апалы-сіңлілі ағайындылар анасы дүниеден озған соң қара шаңырақты өзара бөлісе алмай, сотқа жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Cемей қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында азамат Е-нің азамат М-ға мұрагерлік мүлікті бөлу туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 2021 жылы тараптардың аналары қайтыс болып, апалы-сіңлілі Е. мен М. анасының пәтерін мұрагерлікке қабылдаған. Е. бірнеше рет М-ға пәтерді сатып, одан түскен ақшаны бөлісуді ұсынған, алайда М. бұл ұсыныстарға жауап бермеген. Осы уақыт ішінде пәтердің барлық шығындарын (жөндеу жұмыстары, коммуналдық төлемдер, ПИК жарналары) Е. көтерген. Жауапкердің пәтерді пайдаланбайтынын және оны сақтауға айтарлықтай қызығушылық танытпайтынын ескеріп, талап қоюшы пәтердегі М-ның үлесін өзіне беруді, оның нарықтық құны бойынша ақшалай өтемақы төлеуді, сондай-ақ пәтерді күтіп-ұстауға кеткен шығындардың жартысын өндіруді сұрап, сотқа жүгінген.

"Істі сот талқылауына дайындау барысында сот тараптарды татуластыру шараларын қабылдады. Нәтижесінде, олардың арасында медиативтік келісім жасалып, сотпен бекітілді. Келісім шарттарына сәйкес, пәтердегі М-ның үлесі Е-ге өтеді, ал Е. М-ға пәтерді күтіп-ұстауға кеткен шығындарды шегере отырып, ақшалай өтемақы төлейді. Сондай-ақ, келісімде Е. М-ға марқұм аналарына тиесілі және пәтерде тұрған жиһаз бен кеңсе техникасын қайтаруға міндеттенетіні көзделген", делінген сот хабарламасында.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Бұған дейін Ақтөбе облысында жұмыстан шығып қалған күзетші өзіне тиесілі 1,5 млн теңгені сот арқылы даулап алғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы